Зайнутдинов «Ростовты» тастап, мәскеулік ЦСКА-ға кетті

22:48, 24 тамыз 2020
1643

"РБ-Спорт" басылымы ресейлік "Ростов" клубының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдиновтың кетіп қалғанын жазады. Оның мәскеулік ЦСКА сапына ауысуы шешілген мәселе болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Зайнутдинов Дондағы Ростовтан Мәскеуге ұшып кетіп, медициналық тексеруден өтіп жатыр екен.

 

Футболшының кезінде "Ростовпен" жасасқан келісімшартында "сатылып кетуі" қарастырылған опция көзделген, егер қазақстандық жас ойыншы Мәскеуде медициналық тексеруден өтіп жатса, көзделген соманы ЦСКА "Ростовқа" төлейді, сонымен трансфер ресми түрде рәсімделеді.

 

22 жастағы қазақстандық ойыншы енді басталған Ресей чемпионатында 4 матч өткізді. Соңғы турда тіпті үздік ойыншылар тізіміне енді.

 

Өткен чемпионатта 17 матчқа қатысып, 4 доп соққан болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір