Жамбыл облысы шенділері пандемиямен күрес үшін бөлінген қаражатқа қол салған

12:05, 30 қазан 2020
113

Соңғы екі аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 85 сотқа дейінгі тергеу ісін тіркеді. Сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров арнайы брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алты адамға қатысты "қамауға алу" түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды.

- Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының лауазымды адамдарына қатысты пандемиямен күресуге бөлінген бюджет қаражатын сатып алынған медициналық бүйымдардың бағасын асыра көрсету арқылы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр, осы негізде мемлекетке 8 730,560 млн.теңге көлемінде залал келтірілген, - деп Биғайдаров қолға алынған бір іске мысал ретінде тоқталғанында.

Тергеу әлі жүріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір