Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады

15:33, 30 қазан 2020
104

Қазақстан Республикасының Президенті әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Көптеген шет елдердегі коронавирус індетінің таралу жағдайы алаңдатарлық. Барлық жерде қатаң шаралар, оның ішінде, локдаун тәртібі қайта қабылданып жатыр. Қазақстандықтарды Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарын ұстанып, карантин шараларын сақтауға шақырамын", деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Твиттерде.

Ол Үкімет бизнес пен экономиканың мүдделерін негізге ала отырып жұмыс істейтінін жеткізді.

"Пандемияның бірінші толқынымен күрес тәжірибесі ескерілді. Әкімдерге эпидемиологиялық жағдайға орай шешім қабылдауды тапсырамын. Бірақ бар мәселе азаматтардың өзіне тікелей байланысты", делінген Президенттің желідегі жазбасында.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір