ШҚО-да 18 колледж лицензиясын қайтарып берді

16:03, 30 қазан 2020
113

ШҚО бойынша білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Зейнеп Мақсұтова, брифинг барысында өткен 10 айдың жұмыстарын қорытындылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Департамент жыл басынан бері жалпы білім беретін мектептерге профилактикалық бақылау, білім беру ұйымдарына жоспардан тыс тексерулер жүргізіп, өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін рұқсаттық бақылауды жүзеге асырған. Сондай-ақ, департамент білім беру қызметіне лицензия беру және білім туралы құжаттарға апостиль қою бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысының 18 колледжі 41 мамандық бойынша лицензияға қосымшаны өз еркімен қайтарып отыр.

- Ағымдағы жылы біздің департаментке лицензиялау мәселелері бойынша 114 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 62 өтініш қанағаттандырылды, 46 өтініш бойынша бас тартылды, ал 6 өтініш қаралуда, – деп атап өтті Зейнеп Махсутова.

Білім туралы құжаттарға апостиль қою қызметі бойынша ағымдағы жылдың қаңтар-қазан айларында 561 өтініш келіп түсті.

- Барлығы 497 құжатқа апостиль қойылды, оның ішінде 394 – жоғары білім туралы, 94 – кәсіптік-техникалық білім туралы және 94-жалпы орта білім туралы құжат. Сондай-ақ, 64 құжат қабылданбады. Бас тарту себептері негізінен мемлекеттік баждың төленбеуімен немесе дұрыс төленбеуімен, сондай-ақ таңдалған елдердің Гаага Конвенциясына кірмеуімен байланысты, - деді Зейнеп Махсутова.

2020 жылдың 14 наурызынан бастап департамент облыстың колледждері мен жоғары оқу орындарының студенттері үшін қашықтықтан білім беру технологияларына қолжетімділіктің болуына мониторинг жүргізді.

- Мониторингпен 71 колледж және 7 ЖОО қамтылды. Мониторинг қорытындысы бойынша студенттердің басым бөлігі ҚБТ-ға қол жеткізе алатыны анықталды. Бірақ кейбір колледждерде ҚБТ-ның болмауы және интернеттің төмен жылдамдығы фактілері анықталды. Қорытынды бойынша, бүгінгі күні осы мәселелердің барлығы шешілді, колледждерге жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар уақытылы жіберіліп, қажетті көмек көрсетіледі, - деп түйіндеді Зейнеп Махсутова.

Сондай-ақ, білім беру сапасын жақсарту департаментінің қызметкерлері ҰБТ және облыстағы педагогтердің ұлттық біліктілік тестілеуін өткізу кезінде бақылаушы ретінде тартылған.

- Тестілеуді өткізу барысында студенттер мен оқытушылар тарапынан бұзушылық фактілері тіркелді. Ұялы телефондарды пайдалану салдарынан 21 түлек тестілеуге жіберілмеді. Тыйым салынған заттарды алып кіруге байланысты 47 тест нәтижесінің күші жойылды. Педагогтар тарапынан ұялы телефондарды пайдаланудың 26, шпаргалкаларды пайдаланудың 31 жағдайы және тест сұрақтарын алып шығудың 4 фактісі тіркелді. Нәтижесінде тестіленушілер мен қорытындылары жойылды. 24 педагог тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деп атап өтті Зейнеп Махсутова.

Сонымен қатар, департаментпен мектептерді күрделі жөндеу, оқулықтарды жеткізу, мектеп дәретханаларын пайдалануға беру, бейнебақылаумен жабдықтау жұмыстарына мониторинг жүргізілді.

- Мониторинг барысында 304 орта білім беру ұйымдарында дәретханалар орнату жұмыстары жүргізілгені анықталды. 40 мектепте күрделі жөндеу жүргізілді, барлық оқушылар жаңа мазмұндағы оқулықтармен және әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілді, - деп қорытындылады Зейнеп Махсутова.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір