Блок-бекеттер Өскеменнің қай жерлеріне қойылатыны белгілі болды

11:43, 30 қазан 2020
110

ШҚО Полиция департаменті облыстың Бас санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында төменде көрсетілген орындарда санитарлық бекеттер қойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

Өскемен қаласындағы 7 санитарлық бекет мына жерлерге қойылады:

№1 бекет "Атығай асуы", "Алматы – Өскемен" тас жолы;
№2 бекет "Шығыс кенті", "Өскемен – Семей" тас жолы;
№3 бекет "Пикник дәмханасы", "Өскемен -Шемонаиха – РФ шекарасы" тас жолы;
№4 бекет "Защитаға шығу", "Өскемен -Риддер – РФ шекарасы";
№5 бекет "Степное кенті", "Өскемен – Алтай – Рахман қайнарлары" тас жолы;

№6 бекет "Шешек асуы", "Өскемен – Самар" тас жолы;
№7 бекет "Коршуново станциясы", "Өскемен -Алтай –Таулы Үлбі" тас жолы.

Айта кетейік, 1 қараша күні сағат 00:00-ден бастап Өскемен қаласында және облыста периметр бойынша санитарлық бекеттер қойылатыны жөнінде бүгін облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев хабарлаған болатын.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір