57 үміткерге «Болашақ» халықаралық стипендиясы тағайындалды

14:49, 30 қазан 2020
105

Бүгін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Комиссия шешімімен стипендия 57 үміткерге тағайындалды. Олар магистратура және докторантурада білім алады, сондай-ақ, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына тағылымдамаға жіберіледі.

Ал доктор дәрежесін алуға 7 адам, тағылымдамадан өтуге 2 үміткер конкурстық іріктеуге қатысты.

Отырыстың қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы "Болашақ" халықаралық стипендиясын одан әрі іске асыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір