Жогорку Кенеш депутаттары Садыр Жапаровты қолдап, дауыс берді

14:15, 14 қазан 2020
1211

Бүгін елдің Жогорку Кенеші Садыр Жапаровтың кандидатурасын қолдап, дауыс беру арқылы бекітті. Сонымен қатар жаңа премьер-министр ұсынған үкімет құрамын да қолдады.

Айта кетейік, Садыр Жапаров осымен үшінші рет депутаттар алдына келді. Бұған дейін депутаттар екі рет өткен жиында қолдағанымен, заңгерлер заң талаптары сақталмады деп қарсылық танытты. Кейін ел президенті  Сауранбай Жээнбеков те заң бұзушылықтар болуы мүмкіндігін айтып, Жогорку Кенешке қайтарған еді.

Бүгін депутаттар біраз пікірталастан кейін Садыр Жапаровты премьер-министр ретінде және ол ұсынған тізім бойынша министрлерді бекітті.

Источник: 7kun.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!

Пікір